Прямая трансляция

Астана

Астана

26°C

Үндістандағы ұшақ апаты: жолаушылардың барлығы қаза тапты - БАҚ

Үндістандағы ұшақ апатында аман қалғандар жоқ. Бұл туралы жергілікті БАҚ хабарлады.

Үндістандағы ұшақ апаты: жолаушылардың барлығы қаза тапты - БАҚ
© AP Photo / Ajit Solanki

Алдын ала ақпаратқа сәйкес, бортта болған 242 адамның барлығы қаза тапты. Олардың ішінде экипаж мүшелері де бар.

"Air India" компаниясының Boeing 787-8 Dreamliner жолаушылар ұшағы Ахмедабад әуежайынан көтерілгеннен кейін апат сигналын берген. Бірақ оған қайта хабарласқанда ешкім жауап бермеді. Ұшақ жақын жердегі дәрігерлер тұратын жатақхананың үстінен құлаған.

Ұшақ капитаны Сумит Сабхарвалдың 8 200 сағаттық ұшу тәжірибесі болған. Ал екінші пилот 1 100 сағат аспанда өткізген, деп жазады жергілікті баспасөз.

Air India таратқан ақпаратқа сәйкес, бортта 242 адам болған. Олардың ішінде 169 адам – Үндістан азаматы, 53 – Ұлыбритания азаматы, Канаданың бір азаматы және Португалияның 7 азаматы.