Прямая трансляция

Астана

Астана

23°C

Түркістан тұрғыны тереңдігі 4 метр болатын шұңқырға құлап кеткен

Түркістан облысы Түлкібас ауданы Рысқұлов ауылындағы базар аумағында 56 жастағы ер адам тереңдігі 4 метр болатын құрылыс шұңқырына құлап кеткен, деп хабарлады paryz.kz.

Түркістан тұрғыны тереңдігі 4 метр болатын шұңқырға құлап кеткен
Фото: ТЖМ

Құтқарушылар көмекке асығып, зардап шегушіні шығарып, жедел медициналық жәрдем қызметкерлеріне тапсырды.

Белгілі болғандай, құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде ер адам абайсызда шұңқырға құлаған.