Прямая трансляция

Астана

Астана

24°C

Анасы мен баласы көз жұмды: Ақтөбеде қайғылы жағдай болды

Ақтөбе-Атырау тасжолында жол-көлік оқиғасы болып, жеңіл және жүк көлігі соқтығысты. Оқиға орнында анасы мен баласы көз жұмды. 

Анасы мен баласы көз жұмды: Ақтөбеде қайғылы жағдай болды
Фото: Kazinform

Оқиға Ақтөбе-Атырау тасжолының Темір ауданы аумағында болды. Облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, жеңіл көлік жүргізушісі қарсы бағытқа шығып, жүк көлігімен соқтығысады. Салдарынан 31 жастағы әйел мен 3 жасар баласы көз жұмды. Ал жүргізуші мен 10 айлық баласы ауруханаға жеткізіледі.

— Жол-көлік оқиғасынан соң Қылмыстық кодекстің «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бабы бойынша іс қозғалды. Қазіргі кезде тергеу жүріп жатыр, — деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Жол-көлік апатынан ауруханаға түскен жүргізуші үйіне шықты. Ал бала қазір көпсалалы облыстық балалар ауруханасында ем алып жатыр.

— 10 айлық қыз бала қазір ауруханада ем алып жатыр. Жағдайы тұрақты, — деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. https://kaz.inform.kz/news/aktobede-zhol-kolk-apatinda-anasi-men-balasi-koz-zhumdi-2fbc85/