Прямая трансляция

Астана

Астана

10°C

Жамбылда көлікті мас хәлде жүргізген ер адамның әйелі көз жұмды

2024 жылдың мамыр айында А есімді азамат Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қордай – Отар автожолында «Daewoo Nexia» маркалы автокөлігімен келе жатып, жылдамдықты асырған, деп хабарлайды paryz.kz.

Жамбылда көлікті мас хәлде жүргізген ер адамның әйелі көз жұмды
Фото: istockphoto.com

Ол мас болған. Және бұған дейін көлік басқару құқығынан айырылған. Соған қарамастан көлікке отырып, көпірдің үстіндегі тосқауылға соғылған.

Салдарынан өзінің келіншегі қайтыс болған. Ал кәмелеттік жасқа толмаған үш баласы түрлі дене жарақатын алған. Сотта марқұм келіншегінің анасы «жәбірленуші» ретінде танылған. 

Жәбірленуші, яғни айыпты азаматтың енесі оны бас бостандығынан айырмауды сұраған. Айыпталушының өзі кінәсін мойындамай, өзін ақтауды сұраған. Сот оның 5 баласы бар екенін, тұрғылықты мекенжайынан оң сипаттама берілгенін ескерді.

Сот үкімімен ол өмір бойына көлік басқару құқығынан айырылып, 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды. Ал апелляциялық сот бірінші сатыдағы соттың үкімін өзгертті. 2023 жылы туған жас баласының болуына байланысты сот үкімінің орындалуы 5 жылға кейінге, яғни 2030 жылға дейін қалдырылды. Қалған бөлігінде сот үкімі өзгеріссіз қалды.