Теміртауда 82 жастағы зейнеткерді тонап кеткен ер адам ұсталды, деп хабарлайды paryz.kz.
Бұл ретте ұры егде жастағы зейнеткерді өз пәтерінде тонап кеткен.
«Болжам бойынша, жәбірленуші 39 жастағы қаскүнемнің анасымен таныс болған. Ер адам үйге сылтаумен кіріп, әйелге дене жарақатын салып, зергерлік бұйымдары мен ұялы телефонын ұрлап, қашып кеткен. Ұсталған адам кінәсін мойындады. Оның қылмысқа қатысы барын растайтын заттай дәлелдемелер тәркіленді. Қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деп хабарлады Қарағанды облысының ПД баспасөз қызметі.