Прямая трансляция

Астана

Астана

19°C

Қостанайда әйел қайын әпкелерінен зорлық көргенін айтып, заңгерлерден көмек сұрады

Қостанайда әйел бірнеше туысынан зорлық көргенін айтып, заңгерлерден көмек сұрады, деп хабарлайды paryz.kz.

Қостанайда әйел қайын әпкелерінен зорлық көргенін айтып, заңгерлерден көмек сұрады
Фото: видиодан скриншот

Бұл туралы Human Rights Lawyers қоғамдық қоры әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді. Қор өкілдерінің айтуынша, әйел қайын әпкелері тарапынан бірнеше рет күш көрсетілгенін айтқан.

Оның сөзінше, бұған дейін де полицияға хабарласып, арыз жазғанымен, құқық қорғау органдары оқиға орнына келмеген және арызын қабылдамаған.

Кезекті жанжал әйелдің үйінің алдына жуылған киімдерін жайып қоюынан кейін болған. Жәбірленушінің айтуынша, осыған ашуланған туыстары оның үйіне келіп, терезесін сындырып, жанжал шығарған. 

«Киім жайғаны үшін сонша ашуға беріліп, біреудің үйіне барып терезе шағу – түсініксіз жағдай. Мына әйелдер заң алдында жауап берсін! Зорлық көрген адамға көмектесуіміз керек», – деді заңгерлер.

Қоғам белсендісі Раушан жәбірленушімен кездесіп, оқиғаның мән-жайын анықтаған. Сондай-ақ әйелдің полицияға арыз бергені белгілі болды. Қазіргі уақытта оқиғаның нақты мән-жайы мен құқық қорғау органдарының ресми ұстанымы әзірге жарияланған жоқ.