Прямая трансляция

Астана

Астана

18°C

Алматы облысында 17 жастағы оқушы көз жұмды: Жақындары мектеп мұғалімі тарапынан қысым болғанын мәлімдеді

Алматы облысында 17 жастағы 11-сынып оқушысы Ясмина Ізімжан көз жұмды. Қыздың туыстарының айтуынша, бұған дейін ол 19 жастағы жігітпен қарым-қатынасына байланысты мектеп мұғалімі тарапынан психологиялық қысымға ұшыраған. Отбасы бұл жағдайдың Ясминаның өліміне қатысы бар-жоғын тергеуді талап етіп отыр, деп хабарлайды paryz.kz stan.kz-ке сілтеме жасап.

Алматы облысында 17 жастағы оқушы көз жұмды: Жақындары мектеп мұғалімі тарапынан қысым болғанын мәлімдеді
Фото: видиодан скриншот

23 сәуірде Іле ауданындағы Көкқайнар ауылында 17 жастағы Ясмина Ізімжан көз жұмды. Отбасының айтуынша, қайғылы жағдайға дейін қыздың жеке өміріне байланысты жағдай ушығып, оған қысым жасалған. Ясмина 19 жастағы жігітпен қарым-қатынаста болған. Алайда бұл байланысқа жігіттің анасы, сол мектепте сабақ беретін мұғалім құптамаған. Марқұмның туыстары мұғалім тарапынан қыздың ұлтына қатысты ауыр сөздер айтылғанын мәлімдеп отыр. Бұдан бөлек, Ясминаға ата-анасын мектепке шақырту, әлеуметтік желідегі жарияланымдары үшін сотқа жүгіну сияқты ескертулер жасалған. Туыстарының сөзінше, қыз ақырында жігітпен араласуын тоқтататыны туралы жазбаша қолхат беруге мәжбүр болған. Қыздың артында ата-анасына арналған қысқа ғана жазба қалған: "Анашым, әкешім, мен сендерді жақсы көремін. Менің басқа амалым болмады”, – деп жазған.

Ясминаның жақындары оның өлімінен кейін Instagram-да "За Ясмину" парақшасын ашқан. Олардың айтуынша, қайғылы оқиғадан бері төрт ай өтсе де, тергеу барысында нақты нәтиже болмаған. Ал отбасы қысым көрсетті деп отырған мұғалім әлі де мектепте жұмыс істеп, балаларға сабақ беріп жүр.

Осыған байланысты марқұмның туыстары прокуратура мен Оқу-ағарту министрлігіне жүгініп, істің жан-жақты әрі әділ қаралуын талап еткен. Ақтауда 14 жастағы оқушыны ұрды деген күдіктінің әпкесі бауырының да бұған дейін соққыға жығылғанын айтты 

Ал "Menin mektebim" жекеменшік мектебінің әкімшілігі оқиғаға байланысты құқық қорғау органдарына қажетті ақпарат пен құжаттарды беріп, тергеуге толықтай көмектесіп жатқанын хабарлады. Мектеп өкілдері істің мән-жайы қазір уәкілетті органдардың тергеуінде екенін айтып, ресми шешім шыққанға дейін қосымша түсініктеме беруден бас тартты. 

"Қазіргі уақытта болған оқиғаның мән-жайлары уәкілетті органдардың тергеуінде. Мектеп қажетті мәліметтер мен құжаттарды ұсынып жатыр. Тергеу аяқталып, процессуалдық шешім қабылданғанға дейін мектеп әкімшілігі түсініктеме беруден бас тартады. Ресми нәтижелерді күтулеріңізді сұраймыз", — деп хабарлады білім беру мекемесі.