Прямая трансляция

Астана

Астана

17°C

«Күйеуім не болса соған ұра береді»: Мадинамен бір палатада жатқан келіншек оның жан сырын айтты

Журналист Руслан Өтепбай әлеуметтік желідегі парақшасында Барни печеньесін жегені үшін күйеуі ұрып-соғып, артынша өзіне қол салған Мадина есімді жас келіншекпен перзентханада бірге жатқан әйелдің жазбасын жариялады, деп хабарлайды paryz.kz.

«Күйеуім не болса соған ұра береді»: Мадинамен бір палатада жатқан келіншек оның жан сырын айтты
Фото: әлеуметтік желіден

Жазба авторының айтуынша, ол Мадинамен былтыр наурыз айында гинекология бөлімінде бір палатада жатқан. Сол кезде Мадина жүктілігінің бастапқы кезеңінде болып, жүктілікті сақтау мақсатында ауруханаға түскен.

«Екеуміз палатада қалғанда жылап, әңгімесін айтып беріп еді. "Күйеуім не болса соған ұра береді" деген. Бір рет ұрғаннан кейін кетіп қал, ұрып-соғатын адаммен тұрудың қажеті жоқ деп едім», – деп жазған әйел.

Оның сөзінше, Мадина әкесінің жоқ екенін айтқан. Алайда бұл туралы айналасындағыларға айтқысы келмей, әкесі бар екенін айтып жүрген.

«Әкем жоқ деп айтқым келмейді деп еді. Қайынсіңілім бар, ол да ортаға түсіп, қырылыстырып отырады деген. Өзі еркелеп сөйлейді екен, кішкентай ғой енді, 17-де», – делінген жазбада.

Әйел Мадинаның сол кезде хиджаб киіп жүргенін де еске алған. Кейін оны әлеуметтік желіден көргенде, қайғылы жағдайға қатты таңғалғанын жеткізді.

«Одан кейін ол қызды көрмедім. Осыны Instagram-нан көріп, шок болып жатырмын. Алла алдынан жарылқасын. Құдай-ай, жүрегім ауырып, ұйқым қашты», – деп жазды ол.