Жамбыл облысы Меркі ауданынында әйелді өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды paryz.kz.
Оның қайтыс болғаны туралы бұған дейін Threads желісінде хабарланған. Жазба авторының айтуынша, марқұм әйелдің артында 8 айлық сәбиі қалды.
Қайтыс болардан аз уақыт бұрын ол құрбысына күйеуімен болған жанжал туралы айтып берген. Жарияланған хат алмасуда әйел күйеуі «Барни» шоколадты батончигіне байланысты жанжалдан кейін өзін ұрғанын жазған.
Оның айтуынша, күйеуі балаға тәтті әкелген, әйел бір батончикті жеген. Осыдан кейін екеуінің арасында жанжал басталған.
«Ол басымнан ұрды, мен құлап қалдым. Елестетші, бір ғана «Барни» үшін», деп жазған ол құрбысына.
Жамбыл облысында түрме аумағына түйіншек лақтырған тұрғын ұсталды Оқи отырыңыз Жамбыл облысында түрме аумағына түйіншек лақтырған тұрғын ұсталды Кейін құрбысы оған телефон соққанымен жауап ала алмаған.
Полиция өлім фактісі бойынша өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізу бабы бойынша тергеу басталғанын растады. Қазір тергеушілер оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр. Ведомство әзірге басқа мәліметтерді жариялаған жоқ.