Прямая трансляция

Астана

Астана

25°C

«Мен оны сүйдім»: Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты сотталушы соңғы сөзін айтты

Шымкентте 21 жастағы Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты сот процесі аяқталуға жақын. Сотталушы Шерхан Аймахан соңғы сөзін сөйлеп, марқұмның отбасына көңіл айтты, деп хабарлайды paryz.kz.

«Мен оны сүйдім»: Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты сотталушы соңғы сөзін айтты
Фото: әлеуметтік желіден

Соңғы сөзінде Шерхан Аймахан Нұрайға шынайы сезіммен қарағанын айтып, оның отбасынан кешірім сұрады. Мен оны қатты жақсы көрдім, оған деген сезімім шынайы болды. Нұрайдың ата-анасына көңіл айтамын және жасағаныма өкінемін. Нұрайдың әкесінен, анасынан және екі ағасынан кешірім сұраймын, – деді сотталушы.

Сондай-ақ ол жәбірленуші тарапқа 15 739 065 теңге көлеміндегі материалдық шығынды өтеуге дайын екенін мәлімдеді.

Алайда моральдық зиян үшін 10 млрд теңге көлемінде өтемақы төлеу талабын мойындамайтынын айтты.

Материалдық шығынды толық мойныма аламын және алдағы уақытта жұмыс істеп, оны өтеуге дайынмын. 10 млрд теңге көлеміндегі моральдық өтемақыны мойындамаймын. Болған жағдайға қатты өкінемін және бұл үшін өмір бойы өкінетін боламын, – деді Аймахан.

Сотталушы сараптама қорытындысымен неге келіспейді?

Аймахан соңғы сөзінде сараптамалардың бірінің қорытындысымен келіспейтінін де айтты. Алайда жарияланымда нақты қай зерттеу туралы сөз болып отырғаны нақтыланбаған. Бұған дейін сот-психиатриялық сараптама сотталушыны есі дұрыс деп таныған. Сараптама қорытындысына сәйкес, ол өз әрекетінің сипатын түсініп, оны басқара алған.