Прямая трансляция

Астана

Астана

23.18°C

Шавкат Рахмоновның әкесі Бақтыбай Рахманұлы дүниеден өтті

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновтың әкесі Бақтыбай Рахманұлы Алпамысов қайтыс болды, деп хабарлайды paryz.kz.

Шавкат Рахмоновның әкесі Бақтыбай Рахманұлы дүниеден өтті
Фото: әлеуметтік желіден

Бұл туралы спортшының қарындасы Сора Рахмонова әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

Жарияланған мәліметке сәйкес, марқұмның рухына арналған бейсенбілік Құран асы 13 тамыз күні сағат 18:00-де өтеді. 

«Қатысуларыңыз – марқұмның рухына дұға, біздерге үлкен қолдау. Алла Тағала қабыл етсін! Әмин», – делінген хабарламада.

Бақтыбай Рахманұлы – танымал қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов пен спортшы Сара Рахмонованың әкесі.