Қызмет барысында қаза тапқан фельдшер Ұлдана Мырзуанның жұбайы Әділет Зейнел жан сырын ақтарды, деп хабарлайды paryz.kz.
Әділет пен оның анасының айтуынша, екі отбасының арасы қайғылы оқиғадан бірнеше ай өткен соң суи бастаған.
Олар мұны Әділеттің жаңа жеке өміріне қатысты ақпараттың таралуымен байланыстырады. Әділет жаңа отбасы құруды сатқындық деп санамайтынын айтты.
«Өзімді сатқынмын деп есептемеймін. Егер жаңа өмір бастау сатқындық болса, солай ойлай берсін. Мен үшін бұл – қалыпты өмір сүруге деген ниет», – деді ол.
Сонымен бірге, марқұмның туыстарына ешқандай өкпесі жоқ екенін жеткізді. Әлеуметтік желідегі сын туралы Әділеттің айтуынша, ол ақпан айында Instagram-дағы бұрынғы парақшасын жағымсыз пікірлердің көптігінен өшірген. Қазір де өзі мен қазіргі жұбайына қатысты қорқыту мен қорлау жалғасып жатқанын айтты.
Оның сөзінше, қазіргі жары бұл жағдайды ауыр қабылдап, күн сайын жылайды. Әділеттің анасы отбасы ар-намыс пен абыройға нұқсан келтіретін жарияланымдар мен пікірлерге байланысты сотқа жүгінетіндерін мәлімдеді.