Прямая трансляция

Астана

Астана

23.38°C

«Тортты бірінші маған бергенін қаладым»: Динара Сәтжан ұлының тойына қатысты бастапқы жоспарынан бас тартты

Танымал тележурналист Динара Сәтжан ұлының алдағы үйлену тойына дайындық қалай жүріп жатқанын айтып, әлеуметтік желіде қызу талқыланған дәстүрге қатысты ойын өзгерткенін жеткізді, деп хабарлайды paryz.kz.

«Тортты бірінші маған бергенін қаладым»:  Динара Сәтжан ұлының тойына қатысты бастапқы жоспарынан бас тартты
Фото: әлеуметтік желіден

Оның сөзінше, бастапқыда жас жұбайлардың үйлену тортынан алғашқы бөлікті өзі жеймін деп ойлаған. Алайда әлеуметтік желідегі пікірлерді оқығаннан кейін бұл ойын өзгерткен.

"Бұйырса, күзде үлкен той жасаймыз. Алғашында торттың бірінші бөлігін мен жеймін деп жоспарлаған едім. Бірақ әлеуметтік желідегі пікірлерден мұны "ред флаг" деп қабылдайтынын көрдім. Сондықтан алғашқы бөлікті жастардың өздері жесін. Мен үшін ең бастысы – олардың бақытты болуы", – деді тележурналист.