Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы жұбайы Назым Қаһарман бұрынғы енесі өзінен шамамен 25 миллион теңге өндіріп алу туралы талап-арыз бергенін мәлімдеді, деп хабарлайды paryz.kz.
Назым Қаһарманның айтуынша, бұл – соңғы екі жылда бұрынғы күйеуінің отбасы тарапынан өзіне қарсы түсіп отырған төртінші сот арызы.
Оның сөзінше, талап-арыз өзі бұрын сенімгерлік басқару негізінде жүргізген фитнес-клубқа қатысты.
Сондай-ақ ол бұл жағдайдың балаларына ауыр тигенін айтып, бұрынғы енесінің әрекетін өзінен өш алу әрекеті деп бағалады.
Қаһарман сот даулары мұнымен аяқталмайтынын айтып, алименттің толық төленбегенін алға тартып, өзі де сотқа жүгіну мүмкіндігін қарастырып жатқанын жеткізді.