Белгілі термеші, қоғам қайраткері Бекболат Тілеухан сахнаның киесі туралы ойын ашық айтып, бұл ұғыммен келіспейтінін мәлімдеді. Ол бұл туралы журналист Аман Тасығанға берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды paryz.kz.
Сұхбат барысында Бекболат Тілеухан өнер адамдары арасында жиі айтылатын "сахнаның киесі" туралы пікіріне тоқталды.
"Сахна киелі дейді. Ешқандай киесі жоқ. Мінбердің киесі болуы мүмкін. Сахна дегеніміз – еден мен микрофон. Онда мен отырған жер де сахна. Оны кие-пие деп, өзін қатардағы адам көргісі келмей айтатын мақтаншақ адамдардың сөзі болып көрінеді маған", – деді Бекболат Тілеухан.