Прямая трансляция

Астана

Астана

21.41°C

«Жала мен қорлаудың бәрі қаралады»: Әділет Зейнелдің қазіргі әйелі мәлімдеме жасады

Әділет Зейнелдің қазіргі әйелі Жұлдыз Мырзәлі әлеуметтік желіде өзіне және жұбайына қатысты айтылып жатқан сын-пікірлерге байланысты мәлімдеме жасап, ықтимал сот талқылауына дайындалып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды paryz.kz.

«Жала мен қорлаудың бәрі қаралады»: Әділет Зейнелдің қазіргі әйелі мәлімдеме жасады
Фото: әлеуметтік желіден

Жұлдыз Мырзәлінің айтуынша, отбасы әлеуметтік желілерде жарияланған жазбаларды, пікірлерді, скриншоттар мен бейнематериалдарды жинап жатыр.

Оның сөзінше, бұл материалдар алдағы сот процестерінде дәлел ретінде пайдаланылуы мүмкін.

«Бұл қорлаулардың, жала жабудың және дәлелсіз айыптаулардың барлығы мамандардың қарауына беріледі. Біз үндемей отырғанымыз кінәлі болғандықтан немесе айтар уәжіміз жоқ болғандықтан емес, дәлел жинап жатқандықтан», – деп жазды ол.

Сондай-ақ Жұлдыз Мырзәлі анонимді парақшалар арқылы жазба жариялайтындарға ескерту жасап, жалған аккаунттар жауапкершіліктен құтқармайтынын айтты.

«Әр адам өз әрекеті мен сөзі үшін жауап береді. Жалған аккаунт ашқандарыңыз біз сіздерді таба алмайды дегенді білдірмейді. Біз енді ғана іске кірістік. Барлығы өз ісі үшін жауап береді», – деп мәлімдеді ол.