Прямая трансляция

Астана

Астана

21.41°C

«Қошқар Әлиден басқа ешкімді жолатпайды»: Әкесі қошқармен достасқан ұлы жайлы айтты

Алматы облысында қойды қошқардың үстіне мініп бағып жүрген 6 жасар бала желі қолданушыларын тәнті етті, деп хабарлайды paryz.kz.

«Қошқар Әлиден басқа ешкімді жолатпайды»: Әкесі қошқармен достасқан ұлы жайлы айтты
Фото: видиодан скриншот

Әлеуметтік желіде тараған видеода кішкентай баланың қошқардың үстіне мініп алып, жайылымдағы қойларды бағып жүргені көрінеді. Ерекше көрініс көпшіліктің қызығушылығын тудырып, желі қолданушылары оны әзілмен «қойлардың әміршісі» деп атады.

Кейін видео авторы пікір қалдырып, кадрдағы бала туралы қосымша мәлімет берді.

Оның айтуынша, видеодағы бала – Алматы облысы Кеген ауданының Шырғанақ ауылында тұратын 6 жасар Әли. Ол қаладан атасына келген сайын қой бағуға көмектеседі. 

«Астындағы қошқар да 6 жаста. Әлиден басқа ешкімді жолатпайды. Екеуі осылай дос болып кеткен. Әкем қошқарға мінген видеоны интернетке салып көрші, қаралым жинай ма деп сұраған еді», – деп жазды баланың әкесі әлеуметтік желідегі парақшасында.

Желі қолданушылары бүлдіршіннің батылдығы мен ептілігіне тәнті болып, оған жылы лебіздерін білдіріп жатыр.