Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова Фариза Баейеліге берген сұхбатында көпшілік біле бермейтін өміріндегі ауыр кезең туралы айтып берді, деп хабарлайды paryz.kz.
Айтуынша, тұңғышы Қайрат Нұртасты дүниеге әкелгеннен кейін тоғыз рет сәбиінен айырылған.
"Іштегі бала шетінеп кетті дейді ғой. Бір күні ағам қайтыс болған кезде Түркістанға телефон соқтым. Сөйтсем, ол досының үйінде екен. Досының үйіне хабарлассам, орыс келіншегі телефонды алды. Бірден: "Сіздің ағаңыз қайтыс болды" деді. Тіпті қай ағам екенін де сұрамаппын. Сол сәтте барлық ағам көз алдыма елестеп, қайсысы екенін білмей қалдым. Ол кезде ұялы телефон жоқ. Қатты уайымдап, суық хабар естігеннен кейін ішімдегі балам шетінеп кетті. Оны алдырғаннан кейін қайта-қайта жүкті болып, қайта-қайта түсік тастай бердім. Ол кезде жатырдың ойнамалы болып қалатынын білмегенмін. Сөйтіп, алты сәбиімнен айырылдым. Кейін бір орыс әйел: "Алты айдан бір жылға дейін демал. Жатырың ойнамалы болып қалған", – деді. Содан кейін Аянды көтердім. Аяннан кейін тағы үш рет түсік болды", – деді ол.