Прямая трансляция

Астана

Астана

15°C

Астанадағы сән көрсетілімінде Әсел Исабаева бой көрсетті

Астанада өткен сән апталығы аясында Әсел Исабаева көпшілік алдына шығып, жұрт назарын өзіне аударды. Бұл туралы Paryz.kz Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Астанадағы сән көрсетілімінде Әсел Исабаева бой көрсетті
Коллаж: Ulysmedia

Іс-шарадан түсірілген фотосуреттерді Instagram желісінде олимпиада жүлдегері, жаттықтырушы Әлия Юсупова жариялаған. Кадрларда Әсел Исабаева Ұлттық музейде өткен Dinara Satzhan бренді көрсетілімінде бой көрсеткені байқалады.

Әлеуметтік желі қолданушылары оның сыртқы келбетіне байланысты әртүрлі пікір білдіруде. Бірі оның сән таңдауын талғампаз әрі ұстамды деп бағаласа, енді бірі оның қоғамдағы мәртебесіне назар аударып отыр. 

Айта кетейік, Әсел Исабаева 46 жаста. Ол "Астана Балет" театрында арт-менеджер қызметін атқарады және 1999 жылы "Мисс Қазақстан" атағын жеңіп алған. Нұрсұлтан Назарбаев өзінің "Менің өмірім" атты мемуарында Әсел Исабаевамен таныстығы туралы жазған.

Оның айтуынша, олардың таныстығы кездейсоқ басталып, кейін мұсылмандық дәстүрге сай некемен жалғасқан. Бұл отбасында Тауман және Байкен есімді екі ұл дүниеге келген.