Прямая трансляция

Астана

Астана

7°C

Абай облысындағы шахтада жұмысшы қаза тапты

Абай облысының Бородулиха ауданында орналасқан Орлов өндірістік кешенінің шахтасында тау опырылды, деп хабарлайды облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі, деп хабарлайды Paryz.kz.

Абай облысындағы шахтада жұмысшы қаза тапты
Фото: pixabay

Ведомство ұсынған алдын ала мәлімет бойынша, үйінді астында екі жұмысшы қалған.

 "Олардың бірі оқиға орнында көз жұмды. Екінші жұмысшы табылып, қажетті медициналық көмек көрсету үшін медицина қызметкерлеріне тапсырылды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды", - делінген хабарламада.