Прямая трансляция

Астана

Астана

18°C

Дәрігерлер соққыға жығылған зейнеткердің жағдайы туралы айтты

Алматыда аялдамада аяусыз соққы жеген зейнеткердің денсаулығы қалыпты. Бұл туралы Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасында мәлімдеді.

Дәрігерлер соққыға жығылған зейнеткердің жағдайы туралы айтты
Фото: видиодан скриншот

Науқас жедел жәрдем бригадасымен 23 сәуірде орталық қалалық клиникалық ауруханасына жеткізілген. Дәрігерлер қажетті медициналық көмекті толық деңгейде көрсеттік дейді.

"Компьютерлік томографиясын қоса алғанда, барлық қажетті тексеру жүргізілді. Тексеру нәтижелері бойынша цереброваскулярлық жедел бұзылулар мен мидың көгеру белгілері анықталған жоқ", - дейді денсаулық сақтау басқармасы. 

Науқастың денесіндегі жарақаттарға алғашқы хирургиялық емдеу жүргізіліп, ем тағайындалды.

"Науқас тұрғылықты жері бойынша амбулаториялық бақылауға жіберілді. Жағдайы тұрақты, өміріне қауіп жоқ", - дейді дәрігерлер.