Желтоқсан оқиғасына қатысушыларды қорлаған әйелдің үстінен қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Paryz.kz.
Әлеуметтік желіде Виолетта Паршина есімді қолданушы Threads платформасында Желтоқсан оқиғасына қатысқандар туралы жазбаның астына қорлайтын пікірлер қалдырған.
Ол пікірлерінде “ақымақ”, “ауылдан келгендер” деп жазып, тағы бір жазбада “оғбаған мемлекеттің жиіркенішті мақұлығы” деген сөздер қолданған. Осы жағдайға байланысты полиция қылмыстық іс қозғағанын мәлімдеді.
"Паршина полицияға жеткізілді. Қазіргі уақытта оның әрекеттеріне Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес құқықтық баға беріліп жатыр", – деп хабарлады Полиция департаменті.