Прямая трансляция

Астана

Астана

12°C

"Қызыл империяның дауылынан шайқалмаған": Ринат Зайыт марқұм Мұхтар Шаханов туралы толғанды

Түркістан облысы Отырар ауданында қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, Қазақстанның Еңбек Ері, ақын әрі жазушы Мұхтар Шахановты ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтті, деп хабарлайды Paryz.kz.

"Қызыл империяның дауылынан шайқалмаған": Ринат Зайыт марқұм Мұхтар Шаханов туралы толғанды
Коллаж: Arasha.kz

Қаралы жиынға мемлекет және қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, сондай-ақ ақын шығармашылығын құрметтейтін қалың жұртшылық жиналды.

Қоштасу рәсіміне Парламент Мәжілісінің депутаты Ринат Зайыт арнайы қатысып, жүрекжарды сөзін арнады. Ол өз сөзінде ақын болудың жауапкершілігі мен ауыр жүгін атап өтті.

"Шыншыл ақын бола білу – азаптың ең азабы. Сол азапқа төзе білу – ғажаптың ең ғажабы. Азапта төзе білген, Қазақтың жанын сезе білген, Қызыл империяның дауылынан шайқалмаған, Ешкімнен ешқашан да тайсалмаған Мұхаңның жатқан жері жайлы, топырағы торқа, жаны жәннатта болсын…" – деді Ринат Зайыт.