Танымал әнші Қуандық Рахым анасының өмірден өткенін хабарлап, қаралы жазба жариялады, деп хабарлады Paryz.kz.
Өнер иесі анасына деген сағынышы мен қимастығын қысқа ғана сөзбен жеткізді:
«Жаның жәннатта шалқысын, анашым! Шын мәнінде біз Аллаға тәнбіз, әрі Оған қайтушымыз», – деп жазды ол.
Желі қолданушылары мен әріптестері әншіге көңіл айтып, қайғысына ортақтасып, рухани қолдау білдіруде.