Қонаев қаласындағы облыстық сот ғимаратында Хасан Қасымбаевтың апелляциялық шағымы қаралды, деп хабарлайды paryz.kz.
Алматы облыстық сотында Хасан Қасымбаев және тағы бес айыпталушының ісі бойынша апелляциялық сот отырысы өтті.
- Бірінші сатыдағы соттың үкімі өзгеріссіз қалдырылды, — деп хабарлады облыстық сотынан.
Еске салайық, Хасан Қасымбаев 2024 жылы қараша айында қамауға алынды. Іс бойынша сот процесі 2025 жылы 20 тамызда басталды.
Ал 11 қарашада Талғар аудандық соты Хасан Қасымбаевты адам ұрлау, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру және қорқытып ақша бопсалау ісі бойынша кінәлі деп таныды.
Сот оған 12 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сонымен қатар іс бойынша тағы бес адамға үкім шықты.