Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

«Ұлттық госпитальдан шығарылды»: Сара Назарбаеваның жағдайы белгілі болды

Сара Назарбаева Президент Іс басқармасының Медициналық орталығына қарасты Ұлттық госпитальдан (бұрынғы «Совминка») шығарылды, деп жазады paryz.kz.

«Ұлттық госпитальдан шығарылды»: Сара Назарбаеваның жағдайы белгілі болды
Фото: әлеуметтік желіден

Медициналық мекеме өкілдерінің мәліметінше, науқас емдеу курсынан толық өтіп, 2026 жылдың қаңтар айында дәрігерлердің амбулаторлық бақылауына жіберілген.

«Денсаулық жағдайы, диагнозы, қолданылған емдеу тәсілдері мен нәтижелері туралы өзге ақпараттар Қазақстан Республикасының “Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы” кодексінің 273-бабына сәйкес дәрігерлік құпия болып саналады және жария етуге жатпайды», – деп хабарлады медициналық орталық.

84 жастағы Сара Назарбаева аталған клиникада шамамен он ай емделген. Ол медициналық мекемеге 2025 жылдың сәуір айында түскен.