Серік Сәпиев Туризм және спорт министрінің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды paryz.kz Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.
Серік Сәпиев Қазақстанның туризм және спорт министрінің штаттан тыс кеңесшісі – жазғы XX Азия ойындарына дайындық штабының спорт блогының үйлестірушісі болып тағайындалды.
"Бұл шешім биыл күшіне енген "Дене шынықтыру және спорт туралы" Заңның жаңа редакциясында көзделген ротация жүйесі аясында қабылданды", - делінген ведомство хабарламасында.