Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Сәпиев орынбасарымен болған жанжалға қатысты күтпеген мәлімдеме жасады

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Серік Сәпиев орынбасарымен болған жанжалдың себебін айтып, мәлімдеме жасады деп хабарлайды paryz.kz.

Сәпиев орынбасарымен болған жанжалға қатысты күтпеген мәлімдеме жасады
Фото: видиодан скриншот

Олимпиада чемпионы Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында арнайы бейнежазба жариялап, алдымен өзіне қолдау көрсеткен барша жанға алғысын айтты.

"Құрметті қазақстандықтар! Ең алдымен, қолдау білдірген баршаңызға алғыс айтамын. Халықтың қолдауы – мен үшін ең үлкен құндылық. Болған оқиғаға қатысты нақты айта кеткім келеді: бұл жеке немесе тұрмыстық жанжал емес. Аймақта жасырын ықпалы бар кейбір адамдар тарапынан қарсылыққа тап болдым. Облыстық спорт ұйымдарының басшыларын заңсыз ротациялауға әрекет жасалып, оған менің орынбасарым да қатысқан. Мен бұл заңсыз әрекеттерді тоқтаттым, соның салдары осы жағдайға әкелді. Ашық мәлімдеймін: мемлекет басшысы айтқандай, қазақстандық спорттағы жүйелі реформаларды жүзеге асыру жолындағы мұндай арандатушылықтар біздің шешімімізді шайқалтпайды. Барлықтарыңызға рақмет! Қазақтың күші – бірлікте!"- деді Серік Сәпиев.