Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

«Жаны жұмақтан болсын»: Асанәлі Әшімовтің келіні өмірден өтті

Қазақстанның халық әртісі Асанәлі Әшімовтің жұбайы Бағдат Әшімова әлеуметтік желідегі жазбасында отбасын тағы бір ауыр қаза шарпығанын айтты, деп хабарлайды paryz.kz.

«Жаны жұмақтан болсын»: Асанәлі Әшімовтің келіні өмірден өтті
Фото: әлеуметтік желіден

Ол марқұм Сағидың жары, екі немересінің анасы Селимханның дүниеден өткенін хабарлады. Бағдат Әшімованың сөзінше, бұл қайғы әсіресе немерелері үшін ауыр тиген.

«Асылымнан айырылып отырғанда, көз жасымызды азайта алмай, жүрегіміз жадап отырғанда тағы бір қайғы шаңырағымызды торлады. Сағидың жары, екі немереміздің анасы Селимхан өмірден озды. Ансарым мен Майрамның көз жасын сүрту, қайғыда қасында болу, өмір ары қарай жалғасатынын түсіндіру оңай емес. АЛЛА енді жылатпасын… Селимхан келініміздің жатқан жері жұмақтың төрі болсын», – деп жазды Бағдат Әшімова.