Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

«Бұл жігіттік емес»: Ләйлә Сұлтанқызы зорлық-зомбылыққа нүкте қоюды талап етті

Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы Шымкентте қаза тапқан жас қызға қатысты пікір білдірді. Ол зорлық-зомбылықты ақтайтын пікірлерге қатаң қарсы шығып, бұл әрекеттердің қылмыс екенін айтты, деп хабарлайды paryz.kz.

«Бұл жігіттік емес»: Ләйлә Сұлтанқызы зорлық-зомбылыққа нүкте қоюды талап етті
Фото: әлеуметтік желіден

«Намыс – күш көрсету емес. Намыс – тоқтай білу. Намыс – “жоқ” дегенді қабылдау», – деді ол.

Тележүргізуші марқұмның отбасына көңіл айтып, ата-ана үшін бұл қайғының орны толмас екенін жеткізді.

Сондай-ақ ол қызды қудалау мен артынан қалмаудың сталкерлік екенін, оның заңмен жазаланатынын ескертті.

 Желі қолданушылары бұл пікірді қолдап, зорлық-зомбылыққа нөлдік төзім болуы керектігін жазуда.