Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Өз әкесін аяусыз сабаған: адам шошырлық қылмысқа қатысты тың дерек шықты

Шардара ауданында әкесін аяусыз ұрып-соғып, азаптаған 41 жастағы ер адамға қатысты сот процесі жалғасып жатыр. Алайда оның жұбайына қатысты “Ұрып-соғу” бабы бойынша қозғалған қылмыстық іс тоқтатылды, деп хабарлайды Paryz.kz Politico.kz-ке сілтеме жасап.

Өз әкесін аяусыз сабаған: адам шошырлық қылмысқа қатысты тың дерек шықты
Фото: әлеуметтік желіден

Сот отырысы барысында қатысушыларға айыпталушының әкесін соққыға жыққан сәттері түсірілген бейнежазба көрсетілді. Кадрлардан ер адамның жұбайының да оқиға орнында болғаны байқалады.

Марқұмға жүргізілген сот-медициналық сараптама нәтижесінде қарттың мұрны мен қабырғалары сынғаны, сондай-ақ денесінің бірнеше бөлігінде ауыр жарақаттар бары анықталған. Қазіргі уақытта Жетісай аудандық сотында әкесін ұрып-соғып, азаптаған деп айыпталған 41 жастағы Алмас Садақбаевқа қатысты істі қарау жалғасып жатыр. 

Айта кетейік, айыпталушының кәмелетке толмаған екі баласы бар. Бұл жағдай сотта жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде қарастырылуы мүмкін. 

Сонымен қатар бүгін оның жұбайына қатысты “Ұрып-соғу” бабы бойынша қозғалған қылмыстық істің дәлелдердің жеткіліксіздігіне байланысты тоқтатылғаны белгілі болды.

«Садақбаевтың кінәсі сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында тағайындалған сараптамалармен, сот-медициналық қорытындылармен және куәлардың айғақтарымен толық дәлелденді. Айыпталушы өз кінәсін мойындады», – деді прокурор Нұрмахан Елшібаев.