Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Талдықорғанда Айзат Жұманованы өлтірген күйеуі сотталды

Талдықорғанда Айзат Жұманованың өліміне қатысты резонансты іс бойынша үкім шықты. Сот марқұмның күйеуі Айбар Жанболатты қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп таныды, деп хабарлайды paryz.kz.

Талдықорғанда Айзат Жұманованы өлтірген күйеуі сотталды
Фото: әлеуметтік желіден

Сот үкімі бойынша Айбар Жанболат 14 жылға сотталды. 32 жастағы Жетісу облысының тұрғыны Айзат Жұманованы күйеуі ұрып өлтіргені жөнінде биыл маусымда белгілі болған.

Сол уақытта марқұмды күйеуі атқа сүйреп өлтірді деген ақпарат тараған.

Оқиға Баласаз ауылында болған. Бастапқыда іс қылмыстық кодекстің 106-бабы бойынша қозғалған. Кейіннен жәбірленуші тараптың шағымынан кейін іс 99-баптың 1-бөлігіне қайта сараланған. Бірақ адвокат Арман Шәріпов іс 99-баптың 2-бөлігімен саралануы тиіс деп есептейді