Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

"Артында алты баласы қалды": боксшы Марат Мәзімбаевтың жұбайы өмірден өтті

IBA нұсқасы бойынша екінші аса жеңіл салмақта әлем чемпионы болған Марат Мәзімбаевтың бірге отасқан жұбайы Жанна Мәзімбаева өмірден өтті, деп хабарлайды 1bol.kz.

"Артында алты баласы қалды": боксшы Марат Мәзімбаевтың жұбайы өмірден өтті
Фото: әлеуметтік желіден

Марат Мәзімбаев кәсіпқой бокста 7 жыл өнер көрсетті. Ол 25 жекпе-жек көткізсе, соның 20-да жеңіске жеткен. Тараздық спортшы кәсіпқой рингте IBA нұсқасы бойынша әлем чемпионы атанса, WBO Intercontinental World Champion белдігіне ие болған.

Боксшы жұбайымен 2001 жылы отасқан. Осы уақыт аралығында алты баланың ата-анасы атанып үлгерді. Марқұмның артында төрт қыз, екі ұлы қалды. 

Айта кетелік, Марат Мәзімбаев - қазақстандық кәсіби боксшы, кәсіпқой боксшы. IBА чемпионы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Шығыс Азия ойындарының (1997), 13-Азия ойындарының қола жүлдегері (1998).