Атырауда тұтас бір отбасы із-түзсіз жоғалып кеткен. Журналист Гүлмира Әбіқайдың жазуынша, жоғалғандар саны төртеу емес, алты адам болуы мүмкін, деп хабарлайды paryz.kz.
Туыстарының айтуынша, алдымен жалғыз ұлы Наурыз «жұмыс таптым» деп хабарсыз кеткен. Кейін «дәрігерге барамыз» деген отбасы үйге қайта оралмаған.
Үйі, малы, азық-түлігі сол күйі қалған. Ең таңқаларлығы — қараша-желтоқсандағы зейнетақы мен жәрдемақылар толық шешіліп алынған.
Полиция іздестіруді тек 29 желтоқсанда жариялаған.