Желіде Асанәлі Әшімовтің соңғы фотосессиясында әйеліне айтқан сөзі тарады, деп хабарлайды paryz.kz.
Аңыз актер жас әйеліне өзіне сүйенуге болатынын айтады.
"Басыңды қой иығыма", - дейді ол Бағдат Әшімоваға. Осы тұста жазба авторы екеуінің арасындағы махаббатқа тәнті екенін жасырмады.
"Олардың махаббаты да Асанәлідей терең, Бағдаттай нәзік еді - үнсіз түсінетін, үнсіз сүйетін", - деп жазды ол.
Желі қолданушылары да түрлі пікірін қарша жаудырды.
"Еркектік мысы күшті екен", "Не деген керемет жандар", "Қандай күшті махаббат, әйелге деген құрметі күшті", деді олар.