Ақмола облысы Щучинск қаласында қазандық жарылып, мектеп өртенді, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаменті.
Оқиға қысқы демалыс басталған күні болған.
Өрт сөндірушілер жанармай құйылған 10 текше метр екі резервуарды бүтін сақтап қалды.
Департамент мәліметінше, өрттен зардап шеккендер жоқ. Себебі оқушылар демалысқа шыққан.