Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Астанада Жаңа жыл мерекесіне арналған отшашу қайда өтеді

Астана қаласының әкімдігі жаңа жылдық отшашу қайда және қашан болатыны туралы хабарлады.

Астанада Жаңа жыл мерекесіне арналған отшашу қайда өтеді
Фото: sputnik.kz

Астанада 31 желтоқсанда сағат 00:00-де демеушілік қаражат есебінен ұйымдастырылатын мерекелік жаңа жылдық отшашу өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Отшашу екі жерде болады:

Ботаникалық бақ және "Атырау" көпіріне іргелес аумақ. "Елорда тұрғындары мен қонақтарына отшашу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында "Атырау" көпірі ауданындағы жағалаудың мұзына шығуға қатаң тыйым салынатынын еске саламыз", - деп жазды әкімдікте. 

Сонымен қатар жаңа жыл қарсаңында 31 желтоқсаннан 1 қаңтарға дейін қаланың үш жерінде мерекелік іс-шара өтеді. 31 желтоқсан сағат 21:00-ден бастап 

"Қазақ елі" монументінің жанындағы алаңда, "EXPO" аумағында, сондай-ақ қалалық алаңда эстрада жұлдыздарының мерекелік концерттері болады. Іс-шараға отандық эстрада жұлдыздары Зарина Омарова, Еркеш Хасен, Маржан Арапбаева, Сәкен Майғазиев, Қазыбек Құрайыш, Серік Ибрагимов, Жұбаныш Жексенұлы, Ақбота Керімбекова, "Меломен", "Бәйтерек" топтары және басқа да әртістер қатысады.