Қазақстанның Халық әртісі, аңыз адам Асанәлі Әшімовтің қызы Сағина марқұм әкесіне арнап жүрекжарды жазба жариялады, деп хабарлайды paryz.kz.
Актердің қызы әлеуметтік желідегі парақшасында әкесіне деген сағынышын жеткізді.
«Әкем... Жүрегімнің ішінде жүрегі. Сізді сөзбен жеткізу қиын. Сағыныш үнсіз, бірақ жүректе ауыр. Амал дәптері әрдайым ашық болсын. Алла жаныңызды жәннатқа кіргізсін, иманыңыз саламат болсын. Жатқан жеріңіз жарық, топырағыңыз торқа болсын. Біз сізді әрдайым сағынып, сүйіспеншілікпен еске аламыз…», – деп жазды Сағина.