Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

"Мен үшін шыр-пыр болды": Айнұр Түрсынбаева Асанәлі Әшімовтен қолдау көргенін айтты

Ақын, коуч Айнұр Тұрсынбаева актер Асанәлі Әшімовтің қазасына қатысты жазба жариялады, деп хабарлайды paryz.kz.

"Мен үшін шыр-пыр болды": Айнұр Түрсынбаева Асанәлі Әшімовтен қолдау көргенін айтты
Фото: әлеуметтік желіден

Бұл туралы ол желідегі парақшасында жазды.

"Асанәлі ағамыз айтыста мені қолдап, қорғап жүретін жанашырым еді... Бір жолы Ақтөбеде айтыс өтіп жатты. Сахнаның артында тұрған едім, қасыма келіп “бас жүлде сенікі еді, бірақ мыналар бермейміз деп жатыр” деп мұңайып маңдайымнан сүйді. Жүлде беретін сәт туды. 3-орын алдым. Негізі керемет айтысқан да жоқ едім, 3-орынға риза боп тұрмын. Жүрсін ағамыз “Асеке, Айнұр үшін бәрімізбен таластыңыз, жүлдесін сіз беріңізші” деді. Асанәлі ағам сахнаға шықты да барлық ақындарға қарап тұрып “Айтысуды Айнұрдан үйренсеңдерші” деді... Басқа ештеңе демеді... Сондай жанкүйерім еді ғой. Қасыма келді де құлағыма “сағыңды сындырма, сенде Құдайдан берілген дарын бар” деді... Сарысуда бір айтыс болды. Мен орын ала алмай калдым. Асанәлі ағам тағы мен үшін шыр-пыр. “Аға, онша айтыса алмадым ғой” десем, “Сенің сахнаға шыққаның үшін бас жүлде беру керек” деп мәз қылып қойып еді... Жаным, ағам-ау... Алла сіздің ақыреттегі жүзіңізді жарық қылсын", - деп есіне алды айтыскер.

Желі қолданушылары марқұмның қазасына көңіл айтып, түрлі пікір жазды.