Астанада жеке сот орындаушы төрт баланың әкесінен 196 миллион теңге алимент берешегін өндіріп алды, деп хабарлайды жеке сот орындаушылар палатасы.
Балалардың әкесі кәсіпкер болған. Бұл өндіріс жеке орындау жүйесі үшін рекордтық көрсеткіш, дейді ведомство.
"Жеке сот орындаушысы Мейрам Әбдіков борышкерден 196 миллион теңгеден астам сома өндіріп, ең көлемді және қиын алимент істерінің бірін аяқтады", - дейді жеке сот орындаушылар палатасы.
Қарыздың нақты мөлшерін анықтау үшін мамандар борышкердің қаржысына егжей-тегжейлі тексеру жүргізген.
"Борышкер ірі бизнеске ие және төрт баланы тәрбиелеп отыр. Ол бірнеше рет сотқа шағымдану арқылы сот орындаушысының іс-әрекетіне қарсы шығуға тырысты, бірақ оннан астам сот отырысы жеке сот орындаушыларының пайдасына аяқталды", - дейді палата.
Он жыл ішінде жиналып қалған негізгі қарыздың 140,6 миллион теңгесі, сондай-ақ кешіктірілгені үшін 56 миллион теңгеден астам тұрақсыздық айыбы өндіріп алынды.