Прямой эфир

Астана

Астана

25.77°C

Қоғам бүгін, 09.07.2030 09:55 Обновлять, 09.12.2025 17:59

10 тіл меңгерген павлодарлық жас полиглот туралы не белгілі

Павлодарда 10 тіл меңгерген жас полиглот тұрады. Әсел француз және ағылшын тілінен басқа тілдерді өз бетінше үйренген, деп хабарлайды Павлодар облысының білім басқармасы.

10 тіл меңгерген павлодарлық жас полиглот туралы не белгілі
Фото: Павлодар облысы білім басқармасы

Павлодардағы "Дарынды балаларға арналған №8 мектеп-лицейінің" 11-сынып оқушысы Әсел Абдурахимованың тіл үйренуге деген қызығушылығы бала кезінен бастау алған.

Ол жеті жасында әлем елдерінің астаналарын жатқа айтып, түрлі мәдениет өкілдерімен еркін сөйлесуді армандаған. Тоғыз жасында француз тілін өздігінен меңгеруге кірісіп, 11 жасында алғашқы тіл курсына барған. 

Әсел ағылшын тілін 2018 жылдан бері оқып келеді және бүгінде бұл тіл оның күнделікті қарым-қатынас құралына айналған.

Қытай тілін арнайы курстар арқылы үйреніп, қазір өздігінен жалғастырып жатыр. Әсел жақын уақытта халықаралық HSK 3 (B1) емтиханын тапсыруды жоспарлап жүр. Ал өзбек, қазақ, орыс, испан, итальян және жапон (N4) тілдерін әлем мәдениетіне деген қызығушылығының арқасында толықтай өз бетінше меңгерген.

Тәжік тілі – ана тілі; Өзбек тілі – C1; Қазақ тілі – C1; Орыс тілі – C1; Ағылшын тілі – C2; Француз тілі – C1; Қытай тілі – B1; Испан тілі – A2; Итальян тілі – A2; Жапон тілі – N4 (A2).

Павлодарлық оқушының ендігі мақсаты – БҰҰ-ның алты ресми тілін соның ішінде араб тілін толық меңгеру.

"Тілдер – мен үшін жаңа мәдениетке ашылатын есік", - дейді ол.

Мектеп әкімшілігі Әселдің еңбекқорлығын, табандылығын және жоғары мақсат қоя білетін қасиетін атап өтті. Оның жетістігі жас буынға шабыт беретін жарқын үлгі дейді олар.