Прямой эфир

Астана

Астана

25.77°C

Қоғам бүгін, 09.07.2030 09:55 Обновлять, 09.12.2025 16:14

«Жер теріс айналады»: Жанат Бақыт сұмдық мәлімдеме жасады

Бұрынғы тележурналист, бүгінде тылсым әрі тосын ойларымен желіні шулатып жүрген Жанат Бақыт тікелей эфирінде тағы да таңқаларлық мәлімдеме жасады, деп хабарлады Paryz.kz sadaq.kz-ке сілтеме жасап.

«Жер теріс айналады»: Жанат Бақыт сұмдық мәлімдеме жасады
фото: әлеуметтік желіден

Оның пікірінше, алдағы уақытта Жер теріс айналады.

"Материалдық әлемге байланбағандар басқа өлшемде өмір сүріп жүреді. Солай жүреді де денесін тастап кете береді, дейді. Адамдарға көмекке түскен жолсеріктер болады, солар жетелейді. 2028, 2036, 2037-жылдың соңында Жер теріс айналады. Мұхиттың барлығы теріс ағады. Одан кейін жерде "қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған" мамыражай өмір басталады. Ал 2050-жылы қорқынышқа құралған, аяқтан шалу, көреалмаушылық сынды сезімдер болмайды. Жер толықтай тазарады. Ешкім ешкіммен алыспайды. Ол кезде адам адаммен сөйлесудің қажеттілігі жоқ. Барлығымыз оймен сөйлесеміз. Адам толықтай Құдай сипатты болып өзгереді деген де ақпарат айтылады. Бірақ оған дейін уақыт бар. Әлі екі әлем арасында шайқалып жүруімізге тура келеді", - деді ол. 

Сондай-ақ Жанат Бақыт ата-текке қатысты да болжамын айтты.

"Ата-тегіміз жанталасып жатыр. Жоба жасау барысында бір ұққаным бар. Біз көбіне патриархат заманында өмір сүрдік. Әке жақтың тармағына көп мән береміз. Ал адамдардың ата-тегі оң жақтан әке, сол жақтан ана деп келеді. Енді әке жақтың ата-тегі басын иіп, жол беріп тұрады да ана жақтың ата-тегі келеді. Бірінші жолдауды ана жақ айтады. Баланың жақсысы - нағашыдан, деген бекер емес сияқты", - дейді ол оқырмандарын тағы да ойландырып.