Прямой эфир

Астана

Астана

25.77°C

Қоғам бүгін, 09.07.2030 09:55 Обновлять, 04.12.2025 20:18

«Қой сияқты бауыздаған»: Алматыда әйелін өлтірген актер туралы тың дерек шықты

Алматылық заңгер Арман Шәріп Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының актерлері Гауhар Шарипова мен оның күйеуі Мұхитдин Шынтаевтың өлімі туралы el.kz сайтының "Заң және тәртіп" подкастында қонақта болып, сұмдық дерекпен бөлісті, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

«Қой сияқты бауыздаған»: Алматыда әйелін өлтірген актер туралы тың дерек шықты
Фото: qazgazeta.kz

Заңгер сол күнгі актерлердің өлі денесін өзі көрген. 

«Күйеу балам Мұхит қызғаншақ еді. Сол қызғаныштың арқасында үйде күнде ұрыс болатын. Қарындасым жасыратын, бірақ сезетін, себебі күйеуі көк ала қойдай қылып ұрып тастайтын. Маған көрсетпейтін, бірақ өзім сезіп, бірнеше мәрте көргенмін.Сол барлығына заңның жұмсақтығы. Он жыл бұрын болған оқиға ғой. Қазіргідей қатаң емес еді. Сондай ұрып-соғу орын алғаннан бастап әйелдің құқығы қорғалу керек еді, дейді ол. Заңгердің айтуынша, олай болмай, ақыр соңы қарындасынан айырылып қалған. Оқиға театрдың жертөлесі сияқты кішкентай бөлмеде болған. Қойды бауыздағандай сол бөлменің барлығы қан еді», - дейді заңгер.