Прямой эфир

Астана

Астана

25.77°C

Қоғам бүгін, 09.07.2030 09:55 Обновлять, 04.12.2025 10:45

«Небәрі 23 жаста еді»: Министр Алматыда қаза тапқан фельдшер туралы айтты

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Instagram-дағы парақшасында Алматыда жол-көлік оқиғасынан қаза тапқан фельдшер туралы жазды, деп хабарлайды paryz.kz.

«Небәрі 23 жаста еді»: Министр Алматыда қаза тапқан фельдшер туралы айтты
фото: әлеуметтік желіден

Қайтыс болған дәрігердің аты-жөні Жаңабаева Насиба Мұхтарқызы. Әлназарова әріптесінің қаза тапқаны туралы хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын атап өтті.

"Жедел медициналық жәрдем фельдшері Насиба Мұхтарқызы Жаңабаеваның қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқаны туралы қаралы хабарды терең күйзеліспен қабылдадым. Насиба небәрі 23 жаста еді, төрт ай бұрын ғана Алматы қаласының Жедел жәрдем қызметіне жұмысқа тұрған болатын. Осы қысқа уақыт ішінде ол өз міндетіне жауапты, адал, жанашыр, әрқашан көмек көрсетуге дайын медицина қызметкері ретінде танылды. Насиба Мұхтарқызының туған-туыстарына, жақындарына, әріптестеріне және Алматының бүкіл медициналық қауымдастығына қайғырып көңіл айтамын", - деп жазды министр.