Прямой эфир

Астана

Астана

25.77°C

Қоғам бүгін, 09.07.2030 09:55 Обновлять, 02.12.2025 17:25

«Мойнынан байлап, сүйеп қойған»: Арман Дүйсеновтің жесірі ұлы туралы егжей-тегжейлі айтты

Марқұм Арман Дүйсеновтің әйелі Айсұлу Айданқызы ұлының қазасына қатысты тың дерегін бөлісті, деп хабарлайды paryz.kz.

«Мойнынан байлап, сүйеп қойған»: Арман Дүйсеновтің жесірі ұлы туралы егжей-тегжейлі айтты
фото: видеодан скриншот

Бұл туралы ол журналист Руслан Өтепбайға берген сұхбатында айтты.

"Абылайды өз пәтерімізден көрдім. Екі қолы арқасына байланған, Аяғы жерде тұр, мойнынан аспалы шамға байлап, сүйеп қойған. Ол асылып тұрған жоқ, аяғы жерге тиіп тұр. Қолы арқасына айқастырылып байланып тұр. Қолды артқа байлап, өз өзіне қол салу мүмкін емес. Басында "кісі өлтіру" деп тіркелген еді. Кейіннен біреулердің пайдасы үшін ауыстырылды. Қазір тергеушілер қылмыскерлерді табудың орнына менімен күресіп, олардың шашбауын көтеріп жүр", - деді Айсұлу Айданқызы.

Журналист бұл туралы толық ақпар алдағы уақытта шығатынын мәлімдеді.