Прямой эфир
Астана
25.77°C
Астана полициясы ерекше балалардың ата-анасын қорлаған блогерді ұстап, әкімшілік іс қозғады, деп хабарлайды paryz.kz.
Интернет кеңістігінде блогердің ерекше күтімді қажет ететін балалардың ата-аналарына қатысты әдепсіз және қорлайтын сөздер айтқан видеосы тараған болатын.
"Видеоның авторы ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді", - деп жазылған хабарламада.
Ұсақ бұзақылық фактісі бойынша жиналған материалдар шешім қабылдау үшін сотқа жіберіледі.
Астана қаласының полиция департаменті желіде адамның жеке басына қатысты балағат, қорлау сипатындағы сөздер айтып, тарату қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауаптылыққа әкеліп соқтыратынын ескертті.