Прямой эфир

Астана

Астана

25.77°C

Қоғам бүгін, 09.07.2030 09:55 Обновлять, 02.12.2025 10:58

Семейде дәретхана қағазының атауы тұрғындардың ашуын келтірді

Семей тұрғындары дәретхана қағазын қаланың атымен атаған компанияға наразылық білдірді. Жергілікті белсенділер өнімнің атауын өзгертуді талап етті, деп хабарлайды "КТК" телеарнасы.

Семейде дәретхана қағазының атауы тұрғындардың ашуын келтірді
Фото: Pixabay

"Семей" деп аталатын дәретхана қағазы жарнамаланып жатыр. Бұл дұрыс емес. Ұлы ойшыл Абай Құнанбаев дүниеге келген қасиетті жердің атына кір келтіруге болмайды. Жергілікті билік қатаң бақылауға алу керек. Қағаз өндіріп отырған кәсіпорын басшылығымен дереу байланыс орнатып, өндірісін тоқтатуды сұраймын", - дейді тұрғындардың бірі Болат Жүнісбаев.

"Семей" деп аталған орам Петропавл қаласынан шығарылған. Әзірге дәретхана қағазының сауда нүктелеріне қанша данасы таралып кеткені білгісіз. Алайда сатушылар жаңа жарнамаланған тауардың сатылымы да күрт артқанын айтады. Дегенмен бұны көрген тұтынушылар таң болған. Қазір белсенділер "шаһарымызды бұлай мазақ қылуға жол бермейміз" деп отыр. Жергілікті билік тұрғындар тарабынан шағым көбейгенін мойындап, кәсіпорынға шаһардың атын жазуды тоқтату туралы хат жолдағанын айтты. 

"Семей тұрғындарынан "Семей" атауымен аталған дәретхана қағазына байланысты шағымдар түсіп жатыр. Дәретхана атауы қаламыздың атымен аталған және этика нормасы бұзылған. Осыған байланысты дәретхана қағазын шығаратын компанияға шағым хат жіберілді. Бүгінде Семей атауымен дәретхана қағазын шығару тоқтатылды.

"Семей" атауын "Семейная» деп өзгертуде. Ал сауда нүктелерінен ескі қағаз алынып жатыр", - дейді Семей әкімдігінің ресми өкілі Талшын Қалиасқарова.