Прямой эфир

Астана

Астана

25.77°C

Қоғам бүгін, 09.07.2030 09:55 Обновлять, 01.12.2025 17:21

Жетісайдағы трагедия: 12 адамның өмірін жалмаған өрттен аман қалған қыз бала көз жұмды

Жетісайдағы өрттен зардап шеккен 7 жасар қыз бала аурухана төсегінде қайтыс болды, деп хабарлайды

Жетісайдағы трагедия: 12 адамның өмірін жалмаған өрттен аман қалған қыз бала көз жұмды
Фото: freepik.com

«2025 жылдың 30 қарашасында Жетісай ауданындағы өрт салдарынан аса ауыр жағдайда жеткізілген, 2018 жылы туған науқас көз жұмды. Өкінішке қарай интенсивті терапия жүргізілгеніне, профильді мамандардың консультациялары мен реанимациялық және детоксикациялық шаралардың толық кешені қолданылғанына қарамастан, орталық жүйке жүйесінің зақымдануынан науқасты аман алып қалу мүмкін болған жоқ. Марқұмның туған-туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтамыз», – деп хабарлады Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасы.

Еске салайық, 18 қарашада Алғабас ауылында орналасқан екі қабатты жер үй өртеніп, шатыры ішіне құлаған. Оқиға орнында 12 адам қаза тапты, олардың 9-ы – балалар. Зардап шеккен үш адам Жетісай аудандық орталық ауруханасының реанимация бөліміне жеткізілген. Өртке байлагысты қылмыстық іс қозғалды.