Прямой эфир
Астана
25.77°C
Елордада тұрғын үй қасбетінің кірпіш қаптамасы құлап, жарақат алған фельдшер Ұлдана Мырзуан көз жұмды. Бұл ақпаратты Астана қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы растады.
— 18 қарашада өзінің кәсіби міндеттерін орындау кезінде ауыр жарақат алған фельдшер — әріптесіміз қайтыс болғанын қайғыра айтамыз. Тұрғын үй кешенінің сыртқы кірпіш қаптамасының бір бөлігі құлаған кезде зардап шеккендерге медициналық көмек көрсете отырып, өзі де ауыр жарақат алып, өте ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді, — деп жазды Астана қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әлия Рүстемова Instagram парақшасында.
Ведомство мәліметінше, 8 қарашадан бері жансақтау бөлімінде өте ауыр жағдайда болған пациентке барлық қажетті медициналық көмек көрсетілген. Алайда, науқас тым ауыр жарақат алғандықтан қайтыс болды.
— Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы және барлық медициналық қауымдастық марқұмның туған-туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтады. Қайғыға ортақтасып, ауыр қазаға көңіл білдіреді, — деді басқармадан.