Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Елдос Сметов Динара Сәтжанның күйеуі сыйлаған 45 млн теңгенің көлігін сатпақшы

Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов өзіне сыйланған қымбат көлігін сатуға шешім қабылдады, деп Paryz.kz  Sportinside.kz сайтына сілтеме жасап.

Елдос Сметов Динара Сәтжанның күйеуі сыйлаған 45 млн теңгенің көлігін сатпақшы

Белгілі дзюдошы Instagram желісіндегі stories бөлімінде көлігінің суретін жариялап, оны сатылымға шығарғанын хабарлаған. Спортшы жазбасында болашақ иесіне "жұғысты болсын" деген тілек білдіріпті.

Kolesa.kz сайтындағы мәліметке сүйенсек, Сметов сатылымға қойған көлік – Mercedes AMG GLE маркалы премиум көлік. Бағасы – 45 миллион теңге. Жарнамада көлік «жақсы жағдайда» екені және сатылым шұғыл түрде жүргізіліп жатқаны көрсетілген.

Айта кетейік, бұл автокөлік Елдос Сметовке 2024 жылғы Париж Олимпиадасындағы жеңісінен кейін кәсіпкер Жұмабек Жанықұлов (тележүргізуші Динара Сәтжанның жұбайы) тарапынан сыйға тартылған болатын.